Олимпиаданың алғашқы күні коронавирус жұқтырудың 17 дерегі расталды

Жалпы Олимпиада ойындарының алғашқы күні коронавирусты жұқтырудың 17 жаңа дерегі жайлы белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан әйелдер арасындағы жағажайдағы волейбол бойынша алғашқы ойын өтпей қалды. Өйткені чех спортшысының тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Вирус демекші, додаға қатысатын 100-ге жуық америкалық атлеттің вакцина салдырудан бас тартқаны белгілі болды. Ол туралы АҚШ Олимпиада комитетінің бас дәрігеріне сілтеме жасай отырып, BBC хабарлайды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Халықаралық олимпиада комитетінің атқарушы директоры дүбірлі дода кезінде коронавирусқа қарсы шараларды елемегендерге жаза қолданылатынын ескерткен еді.