Токио 2020: Тоғыз мемлекеттің қоржынында алтын бар

Жалпы осы Олимпиадада медальдар саны бойынша Қытай алда келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы алтын медальді да қытай спортшысы иеленді. 21 жастағы Ян Цянь әйелдер арасында пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа ату бойынша жеңіске жетті. Сонымен қатар әйелдер арасында зілтемір көтеру мен семсерлесуден тағы екі қытайлық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді. Көрші елдің қоржынында қазір 3 алтын мен бір қола бар. Қытайдан бөлек тағы 8 мемлекет алтынға қол жеткізді. Олар: Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Эквадор, Венгрия, Иран, Косово мен Тайланд.