425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Олимпиадада медаль саны бойынша Қытай алда келеді

  • 138
  • UPD: 06:54, 25.07.2021
Олимпиадада медаль саны бойынша Қытай алда келеді

Жалпы осы Олимпиадада медаль саны бойынша Қытай алда келеді.

Алғашқы алтын медальді да қытай спортшысы иеленді. 21 жастағы Ян Цянь әйелдер арасында пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа ату бойынша жеңіске жетті. Сонымен қатар әйелдер арасында зілтемір көтеру мен семсерлесуден тағы екі қытайлық спортшы жеңіс тұғырынан көрінді. Көрші елдің қоржынында қазір 3 алтын мен бір қола бар. Қытайдан бөлек тағы 8 мемлекет алтынға қол жеткізді. Олар Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Эквадор, Венгрия, Иран, Косово мен Таиланд.

Хабар 24 телеарнасы