Е.Сметов: Жанкүйерлерсіз ыңғайсыз болды

Е.Сметов: Жанкүйерлерсіз ыңғайсыз болды

Коронавирусқа қатысты шектеулер кері әсер етті. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов қалыптасқан жағдайға бағасын берді.

«Дзюдо әлемі өте ауқымды және жанкүйерлері көп. Әдетте қиқулап қолдау білдіретін. Ал бұл жолғы жарыс барлық спортшыларға ыңғайсыз болды», - деді Елдос арнайы брифинг барысында.

Айта кетейік, биылғы жазғы ойындарға көрермердер кіргізілмеді.

«Санитарлық талаптар қатаң. Спортшылар Олимпиада қалашығынан шыға алмайды. Соған қарамастан 100 процент дайындығымды көрсеттім. Ештеңеге өкінбеймін» деп сөзін түйіндеді қазақстандық дзюдошы.