Скейтбординг: Олимпиада тарихындағы тұңғыш чемпион анықталды

Скейтбординг: Олимпиада тарихындағы тұңғыш чемпион анықталды
sportarena.com

Жексенбі күні Токиодағы Олимпиада ойындарында төртжылдықтың бас додасының бағдарламасына алғаш рет енгізілген скейтбординг жарыстары өтті.

Скейтбордингтен Олимпиада ойындарының тұңғыi чемпионы деген атақты жапониялық Юто Хоригомэ жеңіп алды. Күміс медаль бразилиялық Келвин Хофлерге бұйырса, қола американдық Джаггер Итонның еншісінде.

Скейтбордингтен бөлек Токиодағы Олимпиадада серфинг, каратэ, спорттық құзға өрмелеу секілді спорт түрлерінен де сайыстар алғаш рет өтеді.