Руслан Курбанов Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады

Токио Олимпиадасында семсерлесуден 1/16 айналым өтті.

Өкінішке қарай, қазақстандық Руслан Курбанов қарсыласқа есе жіберді, деп жазады Olympic.kz.

Екінші кездесуде Руслан жапониялық Ямада Масарумен кездескен болатын. Аталған жекпе-жекте жапондық спортшы 15:8 есебімен жеңіске жетті.

Курбанов Токио Олимпиадасын осы жерден аяқтайды. Бұған дейін ол италиялық спортшыдан басым түскен болатын.