Кирилл Герасименко Олимпиададағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады

Токиода үстел теннисінен ерлер арасындағы бәсеке басталды. Қазақстандық Кирилл Герасименко екінші айналымнан сәтті өтті, деп жазды Olympic.kz. 

Қазақстан командасының үздігі чехиялық Любомир Янчаржикпен кездескен болатын. Тартысты матчта 4:2 есебімен Герасименко жеңіске жетті. 

Айта кетелік, жеребе бойынша Герасименко Токио Олимпиадасын екінші кезеңнен бастады. Ал кеше Анастасия Лаврова Токио Олимпиадасындағы алғашқы матчта испаниялық қарсыласына есе жіберді.