425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Игорь Сон: Токио ойындарына дейін мұндай салмақты көтерген емеспін

  • 200
  • UPD: 16:59, 25.07.2021
Игорь Сон: Токио ойындарына дейін мұндай салмақты көтерген емеспін Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы жарыс кезінде қатты қобалжығанын жасырмады. 

«Ойымды жинақтауға тура келді. Қалай уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын. 

Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Басты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар. Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғаланы кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек. 

Рақмет, Қазақстан! Маған қолжау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Алға, Қазақстан», – деді Сон. 

 

Хабар 24 телеарнасы