Жансай Смағұлов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күні басталды. Бүгін ерлерден 73 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады деп хабарлайды Olympic.kz. 

73 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан басталды. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді. 

Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша уақытта Жансай «ваззари» ұпайын еншіледі. Смағұловтың келесі қарсыласы - канадалық Артур Маргелидон.