Олимпиадада тағы бір сенсация тіркелді

Баскетболдан АҚШ құрамасы соңғы 15 жылда бірінші рет жеңілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазғы ойындардың 15 дүркін жеңімпазы Токио төрінде Франция құрамасына есе жіберді. Қорытынды есеп: 76:83. Айта кетейік, америкалық баскетболшылар соңғы рет 2004 жылы Афина Олимпиадасының жартылай финалында Аргентина құрамасынан жеңіліп, қола жүлдегер атанған еді. Одан кейін 25 мәрте қатарынан жеңіске жетті. Соңғы 3 олимпиададаның алтын жүлдегері атанды. Баскетболдан іріктеу кезеңі жалғасып жатыр және АҚШ құрамасы биыл да бас жүлдеден үмітін үзбейді. Өйткені жарыс талабы бойынша ширек финалға әр топтан екі команда шығады.