Токио 2020: Олимпиада ойындарына арналған 13 ерекше стадион

23 шілдеде Токиода жазғы Олимпиада ойындары басталды.

Жарыстар Кенго Кума, Кензо Танге және Фумихико Маки сияқты әйгілі сәулетшілердің қолынан шыққан стадиондарда өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24» krisha.kz сілтеме жасап.

Жаңа жапон ұлттық стадионы. Сыйымдылығы-68000 адам, Кенго Кума жасаған. Нысан 2019 жылы Олимпиаданы өткізу үшін арнайы салынған. Мұнда ашылу және жабылу рәсімдері, сондай-ақ жеңіл атлетикадан жарыстар өтеді. Безендіру үшін Жапонияның 47 префектурасынан шамамен 2000 текше метр балқарағай ағашы қолданылған.

Ұлттық стадион. 1964 жылы Олимпиада ойындарына арналған. Сәулетшісі — Кензо Танге.

Су спорты орталығы. 2020 жылы салынған және 15000 көрерменге арналған. Жоба авторы - Пол Танге (әйгілі сәулетші Кензо Тангенің ұлы). Ғимарат төңкерілген пирамида тәрізді.

«Ниппон Будокан» - дзюдо мен каратэ жарыстарының алаңы. Нысан 1964 жылы пайдалануға берілген. Құрылымның ерекшелігі - оның сегіз қырлы пішіні.

«Ариаке» гимнастика орталығы. 2020 жылы салынған және сыйымдылығы 12000 көрерменге арналған. Құрылым каналдың жағасында, іс жүзінде Токио шығанағының суында орналасқан. Құрылыс және безендіру үшін табиғи ағаш қолданылған. Олимпиада жабылғаннан кейін орталық көрме павильоны ретінде пайдаланылатын болады.

Токио халықаралық форумы. 1997 жылы сәулетші Рафаэль Виньоли салған. Бұл Токиодағы ең көрнекті құрылымдардың бірі. Нысанда ауыр атлетика мен пауэрлифтинг жарыстары өтеді. Ол екі бөліктен тұрады, бірнеше жерасты және әйнек үсті өткелдерімен байланысқан.

Токио астаналық гимназиясы. 1991 жылы салынған. Олимпиада ойындарында үстел теннисінен жарыстар өтеді. Бастапқыда ғимарат 1954 жылы салынды, бірақ содан кейін бірнеше рет қайта өзгертілді. Сәулетшісі-Прицкер сәулет сыйлығын алған Фумихико Маки.

«Кокугикан Арена». 1985 жылы салынған және 73000 көрерменді қабылдай алады. Сумо және бокс жарыстарына арналған. Аспалы шатыр Жапонияның негізгі синтои храмы-Исе ғибадатханасының қасиетті ағашынан жасалған.

«Ариаке Арена». 2017 жылы салынған көпфункционалды спорт ғимараты 15 000 көрерменге арналған. Мұнда волейбол жарысы, сондай-ақ мүгедектер арбасындағы баскетбол жарысы өтеді. Дизайн толқын тәрізді дөңес шатырмен қапталған.

«Макухари Мессе» конференц-орталығы. 1989 жылы ашылған және 8000 көрерменге арналған. Ғимарат толығымен темірбетоннан тұрғызылған және болат қаңқасы бар. Онда жоғары технологиялар саласында көптеген іс-шаралар өткізіледі. Олимпиада ойындары кезінде мұнда күрес, таэквондо және семсерлесу жарыстары өтеді.

«Идзу» Велодромы. 2011 жылы салынған, 3600 көрерменге арналған. Ол Жапонияда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін алғашқы велотрек болды. Жоба авторлары-Gensler Architects бюросы және неміс сәулетшісі Ральф Шуэрман.

«Мияги» стадионы. Сёити және Хитоси Абэ жобалаған және 2002 жылғы әлем кубогына арналған. Олимпиада ойындары кезінде футбол жарыстарының алаңы болады. Аренаның сыйымдылығы - 49 мыңнан астам көрермен.

Musashino Forest Sport Plaza. Арена 2017 жылы салынған және 10 000-нан астам адамды қабылдай алады. Мүгедектер арбасында бадминтон, бессайыс және баскетбол жарыстарына арналған.