Үстел теннисі: Кирилл Герасименко жеңіліс тапты

Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада ойындарында жеңіліс тапты, деп хабарлады Olympic.kz. 

Герасименко Токиодағы екінші кездесуде германиялық Тим Боллмен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын Кирилл жеңіспен аяқтаған. Алайда кейінгі үш партияда неміс спортшысының шеберлігі басым болды. 

Нәтижесінде кездесу 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.