Токио Олимпиадасы: Түстен кейін бокс бәсекелері жалғасады

Токиодағы татамиге Жансай Смағұлов шыққан.

73 келіде сынға түскен дзюдошымыз екінші белдесуінде канадалықтан жеңілді. Бұған қоса, таңертең садақ ату шеберлері іріктеуге қатысқан. Командалық сында Санжар Мусаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганькин үштігі ел намысын қорғады. Олар Үндістан құрамасымен кездесіп, 6:2 есебімен есе жіберді. Ал, үстел теннисінде ел намысын қорғап жатқан Кирилл Герасименко екінші айналымда германиялық Тимо Болмен ойнаған еді.

Айта кету керек, қарсыласы талай құрлықтық және әлемдік додаларда топ жарған спортшы. Бір кездері дүниежүізілік рейтингтің көш басында болған. Нәтижесінде Кирилл жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Қорытынды есеп: 4:1. Енді түстен кейін бокс бәсекелері жалғасады. Бұл жолы шаршы алаңға жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосын шығады. Ол Пуэрторикалық былғары қолға шеберімен жұдырықтасады. Ал, кешке қарай ауыр атлетикадан әйелдер сыны өтеді. Бұл жарыста Зульфия Чиншанло өнер көрсетеді және дәл осы спортшы, жүлдегерлер қатарынан табылады деген үміт бар. Зүлфия күні кешегі Игорь Сонның жеңіс жолын жалғастыруы тиіс.