Олимпиадада жапон жанкүйерлері тыйымға құлақ аспай жатыр

Жапон жанкүйерлері ресми тыйымға қарамастан Олимпиаданы өз көзімен көру мүмкіндігін жібермей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік қашықтықты біржола ұмытқан жұрт триатлон жолының бойына тізіліп тұрып алған. Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары олардан көп тұрмай, тарауды талап еткен. Бірақ жарыстардың қызығына кіріп алған көптеген жанкүйер бұған құлақ аспады. Олар: «әлемдегі ең басты спорттық оқиға біздің назарымыздан тыс қалмауы керек» деп жауап берген.

Блиц:

- Олимпиаданы құр жіберуге болмайды. Токиодағы жазғы ойындар ерекше өтіп жатыр. Сондықтан бұл оқиғаны өз көзімізбен көрмей тұра алмаймыз.