Токио Олимпиадасында 16 адамнан ковид анықталды

Токио Олимпиадиасына қатысып жатқан 16 адамнан соңғы күні тапсырылған тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталды.

Бұл туралы бүгін Жазғы ойындардың ұйымдастыру комитетінің сайтында жарияланды. Індет жұқтырғандардың 3-уі спортшы. Олар Олимпиада қалашығында тұрмайды екен. Осылайша, COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 153 адамға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Токиода 12 шілдеден бастап эпидахуалдың ушығуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. Қатаң шектеулер 8 тамызға дейін күшінде болады.