Токио-2020: садақ атудан Денис Ганькин бірінші айналымнан өте алмады

Қазақстандық садақшы Денис Ганькин жекелей сында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 27 шілде садақ атудан ерлер арасында жекелей сындар басталды. Қазақстан құрамасынан жарыс жолына шыққан Денис Ганькин алғашқы айналымнан сүрінді. Оның қарсыласы египеттік Юсоф Толба болды. Екеуара кездесу 6:2 есебімен отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді. 

Нәтижесінде, Денис Ганькин жекелей сайыс бойынша Токио Олимпиадасын сәтсіз аяқтады.