Дзюдошы Дидар Хамза Токио Олимпиадасын екінші айналымнан аяқтады

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дидар Хамза жарысқа екінші айналымнан қосылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол әлем чемпионы, Моңғолия дзюдошысы Саид Моллаимен кездесті. Тәжірибелі қарсылас кездесу барысында әдіс жасап, иппон ұпайын еншіледі. 

Нәтижесінде, Дидар Хамза Токио Олимпиадасын алғашқы белдесуден аяқтады.