Олимпиада ойындары тарихындағы ең жарқын фотосуреттер

 Бейжің төрінде XXIV қысқы Олимпиада ойындары басталды. Әр дода өзіндік тарихи оқиғаларымен ерекше. Ендеше сондай жарқын сәттерді еске түсірейік.

1. 1960 жылы эфиопиялық жеңіл атлет Абебе Бикила олимпиадалық марафонды жалаң аяқ жүгіріп шықты. Оған сәйкес өлшеммен аяқ киім табылмаған.

2. 1968 жылы Томми Смит пен Джон Карлос АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы наразылық білдіріп, жұдырықтарын жоғары көтерді.

3. 1928 жылы Бетти Робинсон жеңіл атлетикадан алтын алған алғашқы әйел болды.

4. Джесси Оуэнс 1936 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетті.

5. 1960 жылы Мұхаммед Әли жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды.

6. Палестинаның «Қара қыркүйек» ұйымының террористері 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасында.

 

 7. 1992 жылы сіңірі жыртылған Дерек Редмонд мәре сызығын әкесімен бірге кесіп өтті.
 
 
8. 1994 жылғы Олимпиадада конькиінен ақау табылған АҚШ спортшысы Тони Хардингтің эмоциясы
 
  
9. Вандерлей Лима 2004 жылғы Олимпиада ойындарының марафонында бірінші болып келе жатқанда, шотланд юбкасын киген ер адам оны құшақтап алады. Спортшыны артындағы бәсекелестері қуып жетіп, нәтижесінде үшінші орын алып қалады.
 
 
 
 
10. Кубадан келген Анхел Володия Матос 2008 жылы төрешіге заңсыз соққы жасады.
 
 
 
 
11. Венгриялық ауыр атлет Янош Бараняй 2008 жылы өнер көрсету кезінде қолын сындырып алды.
 
 
12. Ямайкалық Усейн Болт 2016 жылы әлемдегі ең жылдам адам атағын тағы бір рет дәлелдеді.
 
 

Сондай-ақ...