Токио-2020: олимпиадада ковид жұқтырған 7 жағдай тіркелді  

Токио Олимпиадасында ковид жұқтырған 7 жағдай тіркелді.

Бұл туралы бүгін Жазғы Ойындардың Ұйымдастыру комитеті хабарлаған. Науқастар арасында Олимпиада қалашығында тұрып жатқан 2 спортшы бар. Жапонияның «Дзи-дзи» ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, инфекция Нидерландтың 2 теннисшісінен анықталған. Осылайша Олимпиадаға қатысатындардың арасында «Ковид-19» жұқтырғандардың жалпы саны 150 адамнан асты. Ұйымдастырушылар Жапониядағы Ойындарға барлығы 40 мыңға жуық шетелдік келгенін айтады.