Токио 2020: су добынан ұлттық құрама Сербиядан жеңіліп қалды

 

Токио төрінде іріктеу сындары жалғасып жатыр.

Бүгін Қазақстан құрамасы Сербия жігіттерімен жолыққан. Қорытыны есеп: 19:5. Ұлттық құрама Олимпиададағы алғашқы кездесуінде дәл осылай Хорватия командасына есе жіберген еді. Алда әлі топтық кезең аясындағы 3 ойын бар. Мәселен, 29 шілдеде жерлестеріміз Испания құрамасымен жолығады. Одан кейін Черногория және Австралия құрамаларымен кездеседі. Әр топтың үздіктері ширек финалға шығады. Су добы бойынша бәсекелер 8 тамызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ...