Зульфияға қысым жасалды – Илья Ильин

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Токио Олимпиадасында қола алған Зульфия Чиншанлоға қысым жасалғанын айтады.

Оның инстаграм парақшасына жүктеген видеосына сүйенсек, қазылар алқасы әділ болмаған.

«Зульфияның көтерген салмағын санамады. Оған қысым жасап жатыр. Мүмкін оның спортқа оралғанын қаламайтындар бар шығар. Бұл жиіркенішті. 123 келі көтергенін есептемеді. Басында санап, кейіннен шешімдерінен айнып қалды. Екінші рет күші жетпеген шығар, алайда үшінші рет көтеруін ескермей қойды», – деді Илья Ильин.

Еске сала кетейік, Зульфия Чиншанло кеше 123 келімен қола жүлдеге ие болды.