Бүгінгі ойыныма көңілім толмайды – Рыбакина

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды.

Кезекті кездесуінен кейін теннисші Olympic.kz сайтына жарыс туралы айтып берді.

«Бүгін өте қиын кездесу болды. Жаңбырға байланысты матч кейінге шегеріліп, кортқа шығатын кезегімді ұзақ күттім. Қазіргі ойыныма көңілім толмайды. Себебі, кездесу басталғанда көптеген қатеге жол бердім. Десе де, бүгін жеңіске жетіп, келесі айналымға өткеніме өте қуаныштымын.

Келесі қарсыласым испаниялық Гарбине Мугуруса. Ол жақсы теннисші және маған оның ойыны таныс, бірге ойнап көрдік. Сондықтан алда мені не күтіп тұрғанын жақсы білемін», - дейді Елена Рыбакина.