Дзюдошы Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарын сәтті бастады

Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстар жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде татамиге ел сапынан Ислам Бозбаев шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев бразилиялық Рафаель Македомен кездесті. Отандасымыз қарсыласын небәрі 31 секундта «иппон» ұпайымен жеңіп, келесі айналымға шықты. 

Екінші айналымда оның қарсыласы әзірбайжандық Мамадали Мехдиев болмақ.