Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші кезеңнен сүрінді

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әзербайжандық қарсыласын ұта алмады. Мамадәлі Мехдиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, «вазари» ұпайымен Ислам Бозбаевты ұтты. 

Осылайша дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов ұтып алған болатын.