Баянауылда футболдан балалар арасындағы республикалық турнир аяқталды

Баянауыл баурайында балалар арасындағы республикалық турнир аяқталды. Спорт ардагері Қапар Смағұлов атындағы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 6 команда жиналған.

Нәтижесінде финалға павлодарлық «Жұлдыз» бен жергілікті «Қапар» командалары шықты. Бас жүлде кейінгілеріне бұйырды. Қорытынды есеп: 5:3. Ал Қажымхан Саин, Айбас Асанәлі, Мұрат Дияр сияқты өрендер үздік ойыншы атанды.

Айта кетейік, жарыс 10 жасқа дейінгілер арасында өтті. Бұл жас деңгейі балалардың қарымы байқалып, қабілеті қалыптасатын шақ. Сәйкесінше осы арқылы басы-қасындағылар отандық фубтолдың дамуына серпін беріп, болашақ чемпиондар даярлығын бір жолға қоймақ.