Бас бапкер боксшылардың Олимпиададағы жеңілісін түсіндірді

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев боксшылардың Токиодағы көрсеткішіне қатысты өз пікірін айтты деп жазады Olympic.kz. 

«Бекзадқа тактика жетіспеді. Соққы жіберіп алды, ал мұны төрешілер көріп отыр. Бірінші раундта жеңілді, екінші раундта есе қайтарды, үшінші раунд тең өтті деуге болады. Біздің боксшы шабуылды бастап, алға ұмтылғанымен, қайта-қайта қабақтары жарылып, кездесу тоқтатыла берді. Бекзадтың қарсыласы өте мықты. Осы жекпе-жек үшін қатты алаңдап едім. Василий Левитке келер болсақ, ол жеңуге тырысты, бірақ соққыларды өткізіп алды. Серік өз мүмкіндігін толық көрсетті. Әзірге, ол әлем чемпиондарымен тайталаса алмайды. Мұндай ірі деңгейлі жарыстарда сынға түсу үшін тәжірибесі жеткіліксіз. Бұл біздегі қиын салмақтардың бірі. Олимпиададағы барлық кездесу өте маңызды. Оңай жеңетін қарсылас жоқ, сондықтан, өз күшімізге сенеміз», - деді бас бапкер.  

Токио Олипиадасында төрт қазақстандық боксшы жарысты аяқтады. Олар - Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Бекзад Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі). 

Сондай-ақ әйелдер командасының жалғыз өкілі Надежда Рябец те бірінші кездесуінде канадалық спортшыға жол берді. 

Сондай-ақ...