Алексей Луценко Олимпиада ойындарында жүлдесіз қалды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды prosports.kz.

Луценко жеке уақыт сынында үздік 15-ке де кіре алмады, деп хабарлайды prosports.kz.

Топтық жарыста қазақстандық 21-болып мәреге жетті. Ал жеке сынды 32-болып аяқтады.

Жеке уақыт сыны. Ерлер. 44,2 км

Примож Роглич (Словения) - 55: 04.19
Том Дюмулин (Нидерланды) +1: 01.39
Роан Деннис (Австралия) +1: 03.90
... 32. Алексей Луценко (Қазақстан) +7: 17.48

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиадада Қазақстан құрамасында әзірге үш медаль бар. Олар: дзюдошы Елдос Сметов және ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло қола жүлдегер атанған болатын.