Левит сенсациялық нокауттан кейін алғаш рет пікір білдірді

2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық боксшы Василий Левит Токиодағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келге дейінгі салмақтағы 1/8 финалында Левиттің испаниялық Энмануэль Рейестен екінші раундта нокаутқа түскені сенсация болды.

«Жанкүйерлерімнің барлығына мен үшін осындай ауыр сәтте қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын! Сіздер менімен жеңіс қуанышы мен жеңілістің қайғысын да бөлісіп жүрсіздер. Спорт - менің өмірім. Боксшыларда мынадай нақыл бар: құламаған адам, қайта тұрып көрмейді. Бұл сөз өз мақсатына берік кез келген адамға қаратыла айтылады. Соққыны бір өзің ғана қабылдау ауыр, бірақ осындай қолдау көргенде бұл өмірде жалғыз емесіңді сезінесің! Отбасы, туыстар мен жақындар бар, олар әрдайым қолын созады, менімен жеңістің тәтті дәмі мен жеңілістің кермек уын бөлісетін сіздер барсыздар, қымбатты жанкүйрелер. Маған жазылған осындай сөздерді оқи отырып, бұл өмірде ең бастысы - сені түсінетін және сенетін адамдар екенін білесің», - деп жазыпты Левит Instagram желісінде.