«Әлемдік сенсация!». Америкалық маман қазақстандық боксшылардың Олимпиадада жеңілуі жайлы

Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылардың жеңілуі - әлемдік сенсация! Мұндай пікірді Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри айтты, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ америкалық маман Қазақстан құрамасын Токиода басты фаворит ретінде санағаны туралы пікір білдірді. 

«Токиодағы Олимпиада ойындарында көпшілік күтпеген көп тосынсый тіркелді. Мысалы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левиттің испаниялық боксшыдан жеңілуі. Сонымен қатар, қазақстандық бірнеше боксшының ұтылуы. Бұл әлемдік сенсация! Менің білуімше, Қазақстан құрамасы әуесқойлар арасындағы кез келген бәсекедеде фавориттер қатарында жүретін еді. 

Бірақ осы Олимпиададағы көрсеткіш нашар. Мәселенің қайда жатқанын нақты айта алмаймын. Мүмкін бапкерлер боксшыларды дұрыс дайындай алмаған шығар. Стратегия дұрыс таңдалмаған да болуы мүмкін. Боксшылар да уайымын жеңе аламауы ықтимал. Жалпы фактор көп. Бірақ қазақстандық боксшылардың бұл нәтижесі көп маманды таңғалдырды», – деді МакКфери. 

Еске салайық, Олимпиаданың бірінші айналымында боксшыларымыздан Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит, Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов және Надежда Рябец жеңіліп қалды. 

29 шілде күні жарыс жолына Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев шығады.