Игорь Сон: Мақсат – «алтынға» жету

Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері ауыр атлетші Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны туыстары мен жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спортшылар мінген ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды.

Айта кетейік, Зульфия Чиншанло 26 шілдеде Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында 55 келіге дейінгі салмақта 213 келі зілтемірді көтеріп, қола медальге ие болды. Ал Игорь Сон одан бір күн бұрын 61 келіге дейінгі салмақта қола олжалаған болатын. Олжалы спортшылар ендігі белес – 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада екенін айтты.

Игорь Сон, Токио 2020 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

- Ия әрине, дайындық ары қарай жүре береді. Мақсат – «алтынға» жету. Оны енді уақыт көрсетеді.

Зульфия Чиншанло, Токио 2020 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

- Барлығыңызға рақмет. Мен бір жылдан кейін болатын Азия ойындарына дайындықты бастаймын.