Владислав Яковлев Олимпиаданың жұбаныш финалына шықты

Қазақстандық Владислав Яковлев Токио Олимпиадасының академиялық есуден жекелей сынында D тобының жұбаныш финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдың С тобында Яковлев 7 минут, 3,53 секунд нәтижесімен 5-орын алды. 

Енді 30 шілдеде ол D тобының финалына қатысып, 19-24-орындар үшін таласады.