«Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Қош бол, чемпиондар лигасы. Алматылық «Қайрат» айтулы аладоп алманының жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол іріктеу кезеңінің екінші айналымында «Црвена Звезда» командасымен сынға түскен. Қарымта матч Сербияда өтті және оның барысында алаң иелері жауапсыз бес дос соқты. Қорытынды есеп: 5:0. Ал, Алматыдағы нәтижені ескерсек, жалпы есеп 6:2 болды. Енді Кирилл Керер баптайтын жігіттер Еуропа лигасының іріктеуінде бағын сынап көреді. Үшніші айналымда олар арменияның «Алашкерт» командасымен жолығады. Қос команда арасындағы алғашқы матч 5 тамызда Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр.