Токио 2020: Баттерфляй әдісімен жүзуден Олимпиада рекорды жаңарды

Олимпиада рекорды жаңарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде венгриялық Криштоф Милак үздік нәтиже тіркеді. Ол аталған аралықты 1 минут 51.25 секундта жүріп өтті. Ал, алдыңғы рекорд 1 минут 52.03 секунд болатын. Оған Бейжің Олимпиадасында америкалық Майкл Фелпс қол жеткізді. Енді араға 13 салып 21 жастағы жігіт жаңартып отыр.

Айта кетейік, Криштоф Малакқа олимпиадалық рекордтпен қатар қазіргі әлемдік рекорд та тиесілі. Жүзу бәсекесінде үздік үштікті Жапония мен Италия спортшылары түйіндеді. Ал, жерлесіміз Дмитрий Баландин дәл осы аралыққа брасс әдісімен жүзуге қатысқан. Бірақ ол финалға шыға алмады.