Токио 2020: Әбілхан Аманқұл ширек финалда

Әбілхан Аманқұл ширек финалға шықты.

Токио төрінде бокстан іріктеу кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы 75 келіге дейінгілер шаршы алаңға шықты. Ел намысын Әбілхан Аманқұл қорғаған болатын. Ол өзбекстандық Фанат Кахрамоновпен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты. Тіпті екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Қорытынды есеп – 5:0. Осылайша, Әбілхан қазақстандық боксшылар арасынан ең алғаш болып ширек финалға шығып отыр. Бүгін тағы бір спортшымыз сынға түседі. 91 келіден жоғарғылар арасында Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Айта кетейік, ерлер арасында 4 боксшымыз жарысты жалғастырып жатыр. Қалғандары іріктеуден өте алмады.

 

Өзге спортшыларымыздың нәтижелері мынадай:

Василий Левит бірінші кездесуінде сенсациялық нокаутпен жеңілді

Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасында америкалық боксшыға есе жіберді

Токио-2020: боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды

Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады

Бас бапкер боксшылардың Олимпиададағы жеңілісін түсіндірді

«Әлемдік сенсация!». Америкалық маман қазақстандық боксшылардың Олимпиадада жеңілуі жайлы