Ильфат Абдуллин садақ атудан Олимпиаданың 1/16 айналымына өтті

Токио Олимпиадасында садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллин жекелей сынды сәтті бастады, деп жазады Olympic.kz.

Ильфат 1/32 айналымда Ұлыбритания намысын қорғаған Джеймс Вудгэйтпен кездескен болатын.

Кездесуде 7:3 есебімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Әзірге Ильфат Абдуллиннің 1/16 айналымдағы қарсыласы анықталған жоқ.