425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қамшыбек Қоңқабаев Токиода өткен Олимпиада ойындарының ширек финалына өтті

  • 484
  • UPD: 16:27, 29.07.2021
Қамшыбек Қоңқабаев Токиода өткен Олимпиада ойындарының ширек финалына өтті ҚР ҰОК, Жеңіс Ысқабай

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен, ұтты деп жазады Olympic.kz.

Қамшыбек 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы – Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов.

Бұған дейін ширек финалға алғаш болып 75 келідегі Әбілхан Аманқұл өткен болатын.

 

Өзге спортшыларымыздың нәтижелері мынадай:

Василий Левит бірінші кездесуінде сенсациялық нокаутпен жеңілді

Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасында америкалық боксшыға есе жіберді

Токио-2020: боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды

Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады

Бас бапкер боксшылардың Олимпиададағы жеңілісін түсіндірді

«Әлемдік сенсация!». Америкалық маман қазақстандық боксшылардың Олимпиадада жеңілуі жайлы

Хабар 24 телеарнасы