Серік Сәпиев Токиодағы боксшыларымызға қолдау көрсетуге үндеді

Токио Олимпиадасында қазақ боксшылары алтын алуы мүмкін. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев осылай деді.

Үмітсіз шайтан. Өйткені 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаевтың алтынға таласа алатындай әлеуеті бар. Сәкен Бибосыновтың да, Зәкір Сафиулиннің де, Әбілхан Аманқұлдың да шамасы жетеді.

«Олардың қарсыластары анау айтқандай азулы емес», - дейді Олимпиада чемпионы. Сол себепті жанкүйерлерді былғары қолғап шеберлерін қолдауға шақырды.

Серік Сәпиев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- 3-4 медаль алуға болады. Бибосыновтың қарсыласы Франция боксшысы мықты. Содан өтсе жеңіл болады. Қоңқабаевты, Сафиулиннің қарсыластары ондай мықты емес. Көшбасшы емес. Оларды жеңуге болады.