Олимпиададан кейін бокс бапкерлері жұмыстан кете ме? – Комитет жауабы

Бокстан ұлттық құрама бапкерлері Олимпиададағы сәтсіздіктері үшін жұмыстан кете ме? Бұл сұраққа Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жауап берді.

«Бізде әр Олимпиада ойындарынан кейін спорт саласындағы кеңейтілген отырыс өтеді. Оған Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық Олимпиада комитеті мен федерациялардың өкілдері қатысады. Онда жіберген қателіктерімізге талдау жүргізіліп, қорытынды жасалады. Тиісінше шешімдер қабылданады. Осы Олимпиада біткен соң да кеңейтілген отырыс ұйымдастырылады, онда бас бапкерлер мен жетекшілерге қатысты маңызды шешімдер қабылданады. Әзірге осындай қадамдар ғана бар. Құрылымдық өзгерістер туралы Олимпиада ойындары біткен соң ғана айта аламыз», - деді Серік Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.