Токио-2020: Василий Левит спорттан кете ме?

Василий Левит үлкен спортта қала ма, жоқ па алдағы күндері белгілі болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір сәл тынығып, отбасымммен және бапкерлеріммен ақылдасып алайын дейді. Токио олиимпиасына қатысқан боксшы елге оралды. Оны елорда әуежайынан достары, туыстары және жакүйерлері күтіп алды. Рио олимпиадасының күміс жүлдегеріне көпшілік қолдау танытып, еңсесін түсірмеуге шақырды. Айта кетейік, 91 келдіге дейінгілер арасында ел намысын қорғаған Василий Левит алғашқы айналымда испаниялық Эммануэль Рейеске есе жіберді. Кездесу 2-ші раундта нокаутпен аяқталды.

Василий Левит, бокстан ұлттық құраманың мүшесі

– Нақты қандай себеп болғанын айта алмаймын. Көп факторлар бар. Оның ішінде, короновирусқа қатысты жағдайды ды қосар ем. Өмір бұнымен аяқталмайды. Сондықтан, ары қарай қозғаламыз. Үйге барып, сәл демалам. Ақылдасам. Содан кейін нақты бір тоқтамға келем.

А. ЖҮСІПОВ: ЖЕҢІЛДІМ ДЕП ОЙЛАМАЙМЫН

Ал Абылайхан Жүсіпов жеңілдім деп ойламайды. Ол да күні кеше елге жетті. Әзірге жекпе-жегімді қайталап көрмедім. Оны асықпай қарап, салқынқанды талқылау керек дейді боксшы. Бірақ, кездесу алдындағы жоспарды және жаттықтырушының пәрмендерін барынша орындауға тырысқанын алға тартады. Айта кетейік, Абылайхан бұл жолы «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде өнер көрсетті және алғашқы айналымда америкалық Джонсон Делантеге есе жіберді. Қорытынды есеп: 1:4

Абылайхан Жүсіпов, бокстан ұлттық құраманың мүшесі:

Кеше ғана аяқталды. Бүгін ұшып келдік, жолда болдық. Қазір үйге келгеннен кейін жекпе-жекті қарастырамыз. Асықпай отырып саралаймыз. Өз ойым жеңілдім деп айта алмаймын. Үйге барғаннан кейін нақты белгілі болады.

ТОКИО-2020: ЯКОВЛЕВ 19-ШЫ ОРЫНДА 

Токио төрінде байрақты бәсеке жалғасып жатыр. Бүгін ең алғаш болып ескек есу шеберлері жарысқа араласқан. Бұл сында ел намысын Владислав Яковлев қорғады. Ол «Д» тобының финалында ең үздік нәтиже тіркеді. Яғни, белгіленген аралықты 7 минут 3 секундта бағындарды. Осының арқасында жалпы есепте 19-шы сатыға тұрақтады. Айта кетейік, «Д» тобындағы спортшылар 19 және 24 орындарды сарапқа салады. Енді түстен кейін жеңіл атлетиканың іріктеулері басталады. Бұл сында 3 бірдей қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова және Ирина Эктова ел намысын қорғайды.

ТОКИО-2020: КЕЗЕКТІ ҚАРСЫЛАС БЕЛГІЛІ    

Елена Рыбакина қола үшін украиналық теннисшімен кездеседі. Жартылай финалдық ойындардан кейін медальға таласатындардың нақты есімі белгілі болды. 22 жастағы қазақстандық спортшы 26 жастағы Элина Свитилинамен жолығатын болды. Қарсыласы қазір әлемдік рейтингтің 4-ші сатысында тұр. Қос мықты бұған дейін 2 рет кездескен және жалпы нәтиже тең. Яғни, өткен жылы Франциядағы бәсекеде Элина жеңіске жетсе, осыдан бір ай бұрын Ұлбыбританиядағы турнирде қазақстандық қыз басым түсті. Сондықтан, алдағы кездесу тартысқа толы болмақ. Олимпиаданың жеңіс тұғырына нақты кімнің көтерілетініні ертең білеміз. Айта кетейік, Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан  алғаш болып олимпиаданың жартылай финалына дейін жетті.

ТОКИО-2020: ЖАЛПЫ МЕДАЛЬДЫҚ КӨРСЕТКІШ 

Сонымен кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 56-ші тұр.  Қоржында үш қола. Ал, топ басына 15 алтын алып үлгерген Жапония құрамасы жайғасты. Үздік үштікті Қытай мен АҚШ түйіндеп тұр.Токиодағы бәсеке 8-ші тамызға дейін жалғасады.