Олимпиадада тағы 27 адамнан коронавирус анықталды

Жапониядағы олимпиадада соңғы тәулікте тағы 27 адам коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы шараны ұйымдастырушы комитет мәлімдеді. Дертке шалдыққандар арасында үш спортшы бар. Қалғаны шараға қатысып жатқан делегация мүшелері, журналистер, волонтерлер және жалдамалы жұмысшылар.

Айта кетейік, Токиодағы жазғы олимпиада ойындарына қатысушылар арасында осымен екінші күн вирусты көп жұқтыру дерегі тіркеліп отыр. Жалпы қазір Олимпиада дертке шалдыққандар саны 220-ға жетті.