425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бекзад Нұрдәулетов: Бәрі біз ойлағандай бола бермейді

  • 166
  • UPD: 14:13, 30.07.2021
Бекзад Нұрдәулетов: Бәрі біз ойлағандай бола бермейді instagram.com/nurdauletovbekzad

Токио олимпиадасына көшбасшылардың бірі болып барып, алғашқы кездесуінде жеңіліс тапқан Бекзад Нұрдәулетов сәтсіздікке қатысты пікір білдірді.

«Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді.

Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақаттар мен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзадтың арманынан басталған болатын.

Қандай жағдай болса да, қасымнан табылатын отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын!

Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына», – деп жазды Бекзад.

Токиода 81 келіге дейінгі салмақта бокстасқан жерлесіміз ресейлік Имам Хатаевқа жол берді.

Хабар 24 телеарнасы