Токио Олимпиадасында аргентиналық спортшыға бапкері үйленуге ұсыныс жасады

Токиода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындары кезінде аргентиналық спортшы Мария Белен Перес Мориске жаттықтырушысы тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Хабар 24 оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Мария 11 жыл бұрын да ғашығы жасаған ұсыныстан бас тартқан екен. Ол кезде әлі жас екенін алға тартып, ұсынысты қабылдамай қойған. Десе де 26 шілдеде өткен турнирдің 1/16 кезеңінде венгриялық Анна Мартоннан жеңіліс тапқан спортшы қыз жаттықтырушысы әрі сүйіктісі Лукас Сауседодан үйлену туралы тағы ұсыныс алады.

Спортшы Аргентина телеарнасына тікелей эфирде сұхбат беріп жатқан сәтінде Сауседо «Сен маған тұрмысқа шығасың ба?» деген жазу бар парақшамен оның артында тұрады. Журналист семсерлесушіден бұрылуды өтінеді. Сол сәтте Лукас тізерлеп, Марияға ұсыныс жасайды. Мария басын изеп, келісімін береді.