Бұл мен үшін соңғы Олимпиада – Ольга Рыпакова

«Бұл менің спортшы ретінде соңғы Олимпиадам». Токиодағы жарыстан соң Ольга Рыпакова осылай деп мәлімдеді.

Дегенмен спортшы болашағын спортпен байланыстыратынын айтып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске салайық, бүгін Токио Олимпиадасында жеңіл атлетикадан өткен сайыста Ольга Рыпакова 13,69 метрге секіруде финалға шыға алмай қалды. Қазақстан атынан барған басқа да атлеттер Мария Овчинникова мен Ирина Эктова іріктеу кезеңінен өте алмады. Финалға шығу үшін спортшыларымыз 14,40 метрге секіруі тиіс болған.

Ольга Рыпакова, Лондон-2012 олимпиадасының чемпионы:

– Спортшы ретінде бұл мен үшін соңғы Олимпиада. Ендігі жоспарлар туралы айту әлі ерте. Бірақ алдағы уақытта да менің жұмысым мен өмірім спортпен байланысты болады деп ойлаймын. Мен Қазақстанда спорттың дамуына, соның ішінде жеңіл атлетиканың дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Елімізде олимпиада чемпиондарының көп болғанын қалаймын.