423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Боксшы Сәкен Бибосынов Токиодағы Олимпиадада ширек финалға шықты

  • 350
  • UPD: 15:35, 31.07.2021
Боксшы Сәкен Бибосынов Токиодағы Олимпиадада ширек финалға шықты Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол Олимпиада ойындарының кезекті кездесуінде франциялық Билал Беннамадан 5:0 есебімен басым түсті. 

Айта кетерлігі, оның ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Хабар 24 телеарнасы