Боксшы Закир Сафиуллин Токиодағы Олимпиаданың ширек финалына өтті

Токиода Олимпиада ойындарында бокстан ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жектер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

63 келіде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин ширек финалға шықты. 

Отандасымыздың қарсыласы жапондық Даисуке Наримацу болатын. Алайда жапондық боксшы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады. Нәтижесінде қазақстандық Закир Сафиуллин келесі айналымға өтті.