Е.Рыбакина: Келесі жарыстарда қуантамын деген үміттемін

Токио олимпиадасында теннистен ұлттық құрама үшін тарихи нәтижеге қол жеткізген Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғысын жеткізді.

 

Ол әйелдер арасындағы жекелей сында қола жүлде үшін украиналық Элина Светилинамен жолығып, қарсыласына жол берді. Осылайша Қазақстан алғаш рет теннистен олимпиада ойындарының жартылай финалына дейін жетіп, төрттікке енді.