425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токио 2020: бүгін шаршы алаңда ел намысын кімдер қорғайды

  • 214
  • UPD: 11:15, 01.08.2021
Токио 2020: бүгін шаршы алаңда ел намысын кімдер қорғайды ҰОК

Токио төріндегі Жазғы Олимпиадада жерлестеріміз бүгін спорттың 5 түрі бойынша бақ сынайды.

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып грек-грим күресінен ерлер арасында Мейрамбек Айнағұлов өнер көрсетті. Өкінішке қарай, ол қырғыз балуаны Жоламан Шаршенбековтен жеңіліп қалды. Сондай-ақ әйелдер арасында еркін күрестен Эльмира Сыздықова алғашқы кездесуінде есе жіберді. Қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин де 400 метрге жүрігуде жартылай финалға өте алмады. Ендігі үміт гимнастшы Милад Карими мен былғары қолғап шеберлері Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаевта.

Айта кетейік, ел құрамасының қоржынында қазір үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды. Медальдар кестесі жөнінен Қазақстан әзірге 66-орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы