425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Грек-рим күресі: Демеу Жадыраевтың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

  • 220
  • UPD: 13:49, 01.08.2021
Грек-рим күресі: Демеу Жадыраевтың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды Olympic.kz

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ертең, 2 тамыз күні грек-рим күресінен 77 келі және 97 келіге дейінгі салмақтарда,  ал әйелдер күресінен 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар арасында өзара мықтылар анықталады. 

77 келіде Қазақстан сапынан Демеу Жадыраев сынға түседі. Жеребе нәтижесі бойынша ол алғашқы айналымда жапониялық Сохей Ябикумен белдеседі. 

Айта кетелік, бүгін бозкілемге шыққан Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиадасының бірінші кезеңінде ұтылды. Ол қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке есе жіберді. 

Хабар 24 телеарнасы