425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында жартылай финалға шықты

  • 490
  • UPD: 16:56, 01.08.2021
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында жартылай финалға шықты ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақтағы ширек финалдық жекпе-жектер жалғасуда деп жазады Olympic.kz.

Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті. 

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды. 

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев американдық Ричард Торреспен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы