Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика бойынша сайыстар басталды.
Бүгін, 2 тамыз күні әйелдер арасында 200 м қашықтық бойзынша іріктеу кезеңі өтті. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.
Қазақстан сапынан аталған санат бойынша Ольга Сафронова қатысты. Тиісті қашықтықты 23,64 секундта бағындырған ол өз тобында алтыншы болды.
Айта кетерлігі, 1-3 орын алған спортшылар жартылай финалға жолдама алды.